Файтердің сөзінше, ол бірден UFC-де жұдырықтасуға асықпайды және алдымен басқа бағытта өзін сынап көргісі келеді.

«Маусым немесе шілде айында Америкаға баруды жоспарлап отырмыз. Одан әрі көре жатармыз. Бірден UFC-де жұдырықтасқым келмейді. Алдымен Конор Макгрегордың ұйымы — Bare Knuckle FC-де бағымды сынағым келеді», — деді ол.

Әшімовтің айтуынша, ол үшін жалаң қолмен жекпе-жек ерекше қызық әрі адреналинге толы спорт түрі.

«Неліктен ММА емес? Мен ММА бойынша да шығамын, бірақ жалаң қолмен төбелесу маған көбірек адреналин сыйлайды», — деді файтер.

Спортшы UFC-ге өту үшін міндетті түрде Contender Series арқылы өту шарт емес екенін, тікелей келісімшартқа отыру мүмкіндігі бар екенін де атап өтті.

«Менде төрт жылдық стратегия бар», — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Арман Әшімов Алматыда өткен IBA Nomad 14 турнирінде тәжікстандық Дилшод Норкузиевті бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.