Қазақстан құрамасының өкілі Нилуфар Раимова әйелдер күресінен Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін өткен шешуші белдесуде Шри-Ланка өкілі Нетми Фернандомен кездесті.

Қола медаль үшін өткен белдесуде Нилуфар Раимова қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

Осылайша, қазақстандық балуан ел қоржынына әйелдер күресінен тағы бір медаль салды.