UFC-дің жартылай орта салмақтағы өкілі Майкл Моралес келесі жекпе-жегін 2027 жылдың қаңтарында өткізетінін хабарлады.

Эквадорлық файтердің айтуынша, бастапқыда оның командасы желтоқсан айында жекпе-жек өткізуге тырысқан. Алайда кездесу ақырында қаңтарға жоспарланған.

«Біз желтоқсанда төбелесуге тырыстық, бірақ жекпе-жек қаңтарда өтетін болды. Қарсыласым өте мықты. Бұл Карлос Пратес те, Иэн Мачадо Гэрри де емес», — деді Моралес.

Моралес бұл кездесуді чемпиондық мүмкіндікке апаратын соңғы қадам ретінде қарастыратынын да айтты.

«Қаңтардағы жекпе-жекке келістік. Бұл — титулға таласар алдындағы соңғы кездесуім. Алдымен жеңуіміз керек, содан кейін, Құдай қаласа, маусымда титул үшін төбелесеміз», — деді ол.

27 жастағы Майкл Моралес кәсіпқой мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. UFC-де де жеңіліссіз келе жатқан эквадорлық соңғы кездесуінде Шон Брэдиді бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.

Моралестің қаңтардағы қарсыласы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.