Моралес бірінші кезекте чемпион Ислам Махачевпен титулдық жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Оған дейін эквадорлық файтер Карлос Пратеспен кездесіп, келесі титулдық үміткерді анықтауға дайын.

Алайда UFC-дің жоспары басқаша болған жағдайда Моралес Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасқысы келетінін жеткізді.

«Егер басқа жоспарларың болса... Ислам, егер Пратесті таңдасаң, онда менің 2027 жылға қарсыласым бар. Бұл дивизионның финалдық боссы — Шавкат Рахмонов. Мені қайдан табатыныңды білесің», — деді Моралес.

Бір қызығы, Рахмонов пен Моралестің кәсіби рекорды бірдей — 19 жеңіс, 0 жеңіліс. Осылайша, олардың ықтимал кездесуі екі жеңілмеген файтердің жекпе-жегіне айналуы мүмкін.