Забит Магомедшарипов пен Гига Чикадзе 14 қарашада Абу-Дабиде өтетін RAF турнирінде күреседі.
Бұл Магомедшариповтың RAF лигасындағы алғашқы кездесуі болмақ. Оның қарсыласы — UFC-де өнер көрсеткен грузиялық файтер Гига Чикадзе.
Аталған жарыс RAF пен Абу-Даби арасындағы бес жылдық серіктестік аясында өтетін алғашқы турнир болады.
RAF (Real American Freestyle) — еркін күресті шоу және MMA элементтерімен ұштастыратын промоушен. Ұйым соңғы уақытта танымал MMA файтерлерін күреске тартып, жобаның аудиториясын кеңейтіп келеді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!