Нассурдин Имавов пен Хамзат Чимаев UFC орта салмақтағы чемпионы Шон Стрикландпен жекпе-жекке шығу үшін өзара «саудаласып» қалды.

Алдымен Имавов ұсыныс жасады. Титулдық жекпе-жек бойынша келіссөздер қаржы мәселесіне байланысты тоқтап тұрғаны туралы ақпараттан кейін дағыстандық файтер Стрикландқа 500 мың доллар ұсынды.

«Егер мәселе шынымен ақшада болса, қаңтарда мені жеңсең, өз қалтамнан 500 мың доллар беремін. Бұдан кейін де келіспесең, демек сен қорқасың», — деп жазды Имавов.

Артынша Хамзат Чимаев ұсынысты екі еселеп, Стрикландқа 1 миллион доллар ұсынды.

«Стрикланд, саған бір миллион доллар беремін. Мекенжайыңды жібер — төбелесейік. Қайда екені маңызды емес: октагонның сыртында да, ішінде де», — деп жазды Чимаев.

Осылайша, Кавказдан шыққан екі файтер Стрикландпен жекпе-жекке таласып отыр: Имавов 500 мың доллар ұсынса, Чимаев соманы 1 миллион долларға дейін көтерді.

Еске сала кетейік, Шон Стриклэнд екі файтермен де бұрын төбелескен болатын және оларды жеңіп қойғаны тағы бар.