Рахмонов екі видео жариялаған. Біріншісінде «19-0 VS 19-0» деген жазу болса, екіншісінде «2027» деген жазу және Өрмекші адам эмодзиі бар.
Осы жазбадан кейін Шавкат пен Моралес арасындағы жекпе-жек 2027 жылдың қаңтар немесе ақпан айларында өтуі мүмкін деген болжам күшейді.
Бұған дейін Майкл Моралес Шавкат Рахмонов туралы пікір білдіріп, қазақстандық файтерді дивизионның «финалдық бастығы» деп атаған еді.
Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 7 желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізді. Лас-Вегаста өткен кездесуде ол ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.
Ал UFC рейтингіндегі жартылай орта салмақтың үшінші нөмірі Майкл Моралес октагонға соңғы рет 2025 жылдың 15 қарашасында UFC 322 турнирінде шықты. Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте эквадорлық файтер америкалық Шон Брэдиді бірінші раундта нокаутпен жеңді.
Екі спортшы да кәсіби мансабында бірде-бір рет жеңілген жоқ және олардың рекорды 19-0. Егер жекпе-жек ресми түрде расталса, бұл жартылай орта салмақтағы ең қызықты кездесулердің біріне айналуы мүмкін.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!