Жұмағұлов 56 келіге дейін салмақ қуу оңай емес екенін айтып, келесі жекпе-жегінде көпшілікке белгісіз қарсыласпен кездескісі келмейтінін жеткізді.
«Мен жекпе-жекке дайынмын. Oktagon, бір ғана сұрағым бар — кіммен? Мен 56 келіге дейін салмақ қуып ешкім танымайтын кездейсоқ қарсыласпен жекпе-жек өткізгім келмейді. Севериноның бекітілген жекпе-жегі бар. Маған танымал есім, нағыз сынақ бола алатын бәреуді беріңіздер — сонда мен жекпе-жекке шығамын. Маған маңызы бар кездесулер керек», — деп жазды қазақстандық файтер X әлеуметтік желісінде.
Жұмағұлов Oktagon ұйымындағы соңғы жекпе-жегін 6 маусымда Словакияның Братислава қаласында өткізді. Бұл кездесуде бразилиялық Игор Севериномен чемпиондық белбеу үшін октагонға шыққан еді.
Алайда жекпе-жек толық өткен жоқ. Екінші раундта ережеге сай емес соққыдан кейін Жұмағұлов кездесуді жалғастыра алмады. Нәтижесінде жекпе-жек нәтижесіз деп танылды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!