60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айбек Айтбеков финалда әзербайжандық Эльмир Алиевпен кездесті. Қазақстандық балуан қарсыласын 13:4 есебімен сенімді жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Ал 72 келіге дейінгі салмақта Юсуф Ашрапов алтын медаль үшін өткен белдесуде Армения өкілі Гаспар Тертерянмен күш сынасты. Тартысты өткен кездесуде отандасымыз 4:3 есебімен басым түсіп, Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды.
Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасының екі өкілі бір күнде әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты 12–18 қазан күндері АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Байрақты бәсекеде әлемнің үздік жас балуандары грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жүлделерді сарапқа салады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!