UFC ұйымының аса жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили ресейлік Петр Яннан жеңілуіне әсер еткен тағы бір себепті түсіндірді.

Гүржілік файтердің айтуынша, жекпе-жек барысында бапкерлері оған жаттығу кезінде пысықталмаған әдісті қолдануға кеңес берген.

«Октагонда шешімді өзім қабылдаймын. Бірақ соңғы жекпе-жекте бапкерлерім қарсыластың денесіне соққы жасауды айтты. Ал біз жаттығу кезінде мұндай әдісті мүлде пысықтамаған едік. Бұл мені қатты шатастырды», – деді Двалишвили.

Сондай-ақ ол алдағы кездесуге дайындық барысында бұрынғы қателіктерін ескеріп, жаттықтырушылар құрамына жаңа маман қосылғанын жеткізді.

Айта кетейік, Двалишвили мен Ян бұған дейін екі рет кездескен. Алғашқы жекпе-жекте гүржілік спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жетсе, қарымта кездесуде ресейлік файтер басым түсіп, чемпиондық белбеуді иеленді.