UFC ұйымының аса жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Абу-Дабиге жекпе-жекке алты күн қалғанда ғана баратынын мәлімдеді.
«Абу-Дабиге жекпе-жекке алты күн қалғанда барамын. Яғни жексенбі күні сол жерде боламын.
Климатқа бейімделу үшін ертерек бармаймын, өйткені бұл маған аса қатты әсер етпейді. Әсіресе жекпе-жек аптасында салмақ қуу, ашығу және диета салдарынан онсыз да дұрыс ұйықтай алмаймын. Сондықтан бұдан ертерек барудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
Одан да осында қалып, жаттығуымды жалғастырғанды жөн көремін. Ал жекпе-жекке жақын уақытта барып, сұхбаттар, салмақ өлшеу рәсімі және турнир аптасындағы басқа да міндеттерді орындауға дайынмын», – деді Двалишвили.
Айта кетейік, спортшылардың жарыс өтетін елге алдын ала барып, жергілікті уақыт белдеуі мен климатқа бейімделуі жекпе-жекке дайындықтың маңызды бөлігі саналады.
Дегенмен Двалишвили мұндай жағдайлар өзінің физикалық дайындығына айтарлықтай әсер етпейтініне сенімді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!