Ерлер (61 кг, легчайший вес)
Жаңа маусымда түрлі елдердің өкілдері бақ сынайды. Қатысушылар қатарында қазақстандық файтер Артем Белах (11-2) және қырғызстандық спортшы Илимбек Акылбек уулу (10-3) бар.
Сондай-ақ тізімде Родриго Вера (21-1-1), Абдул Хуссейн (15-2), Ксавьер Франклин (6-1), Шон Мора (7-1), Кристиан Стронг (9-1), Марлон Джонс (6-0), Микаиас Уренья (13-3) және Мехеммедели Османлы (12-1) өнер көрсетеді.
Әйелдер (48 кг, минимальный вес)
Әйелдер дивизионында да мықты файтерлер жиналған. Олардың қатарында Наталия Алвес (8-0), Мелисса Амайя (8-0), Валеска Мачадо (15-4), ДжиДжи Кануту (7-1), Анна Мелисано (6-1), Маккензи Стиллер (6-1), Анита Карим (6-2), Дельфин Бенуайш (7-2), Хайлай Вушамо (10-2) және Камила Рейносо (9-1) бар.
TUF 34 шоуы UFC-ге тікелей жол ашатын маңызды реалити-жоба болып саналады. Премьерасы 14 маусым, жексенбі күні Paramount+ платформасында өтеді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!