Бұл жекпе-жек аса жеңіл салмақта (bantamweight) өтеді және ерекше маңызға ие, себебі келісімшарт бойынша бұл Бекзат Алмахан үшін ұйыммен жасалған келісімдегі соңғы айқас.

Еске салсақ, Бекзат соңғы рет октагонға 2025 жылдың қарашасында шығып, Александр Топуриядан төрешілер шешімімен жеңілген болатын.

Енді қазақстандық файтер Бакудегі кеште жанкүйерлер алдында мықты өнер көрсетуге дайын.

📍 Турнир күні: 27 маусым
📍 Өтетін жері: Баку, Әзербайжан
📍 Салмақ: аса жеңіл (bantamweight)