OCTAGON лигасы 1 мамыр күні Өзбекстан астанасы Ташкентте кезекті 86-нөмірлі турнирін өткізетінін ресми түрде жариялады.
Кештің басты айқасында жеңіл салмақтағы чемпион Саят Әбдуәлі (9-0) чемпиондық белбеуін алғаш рет өзбекстандық Асадбек Саидовқа (7-0) қарсы қорғайды. Бұл жекпе-жек турнирдің негізгі айқасы болмақ.
Ко-мейн ивентте медиа-ростер өкілдері Камардин Хасанов (8-4) пен Одильхон Камоловқа (10-5) қарсы трилогия өткізеді.
Сонымен қатар, мейн-кардта бірнеше тартысты жекпе-жек күтілуде. Қазақстандық жеңіліп көрмеген файтер Бағдәулет Қорғанбай (5-0-1) өзбекстандық, аты шулы Анваржон Гоюбовқа (4-1) қарсы өнер көрсетеді.
Тағы бір қызықты жекпе - жек Тазабек Баянов (5-0) пен Бобыр Абдулазизов (24-11) арасында өтеді.
Ал жеңіл салмақта Ерғанат Сағатбек (5-0)пен Мавлонбек Миркомилов (8-4) өзара мықтыны анықтайды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!