Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов және Нұрқанат Серікбаев Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі. -60 кг: Аман Бақытжан алғашқы айналымдарда Сирия мен Тәжікстандық балуандарды жеңіп,жартылай финалда Бахрейн өкіліне есе жіберді. Алда Моңғолия өкілі Тушвинтур Туменжаргалмен қола медаль белдесу. (Моңғолия), Шерзод Давлатов Макао мен Өзбекстандық қарсыластарын ұтып,жартылай финалда тайпейлік Янг Вунг Вейге есе жіберіп,енді Самараддин Кучкаровқа қарсы (Өзбекстан) қола жүлдені сарапқа салады. -66 кг: Нұрқанат Серікбаев Тайпей дзюдошысынан басым түсіп,штрек финалда Оңтүстік Корея балуанына есе жеңіліп,жұбаныш белдесуінде моңғол спортшысынан басым түсті. Қола медаль үшін жергілікті балуан Хуе Циянгпен кездеседі.
Әйелдер арасында сайысқа түскен Диана Буркеева (-48 келі) бірінші белдесуінде моңғол спортшысына есе жіберді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!