Дзюдодан Азия чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасының спортшылары жүлдеге іліге алмады.

Қола медаль үшін өткен белдесулерде Аман Бақытжан моңғолиялық Тушинтур Туменжаға жол берсе, Шерзод Давлатов өзбекстандық Самаридин Кучкаровқа жеңілді.

Осылайша, турнирдің шешуші кезеңіне дейін жеткен қазақстандық дзюдошылар 60 кг дейінгі салмақта жүлдесіз қалды.