Қазақстан дзюдо құрамасы Азия чемпионатын сәтсіз бастады. Жарыстың алғашқы күнінде отандық спортшылар жүлдесіз қалды.

Команданың соңғы үміті 66 келіге дейінгі салмақта белдескен Нұрғанат Серікбаев болды. Алайда ол қола медаль үшін өткен белдесуде қытайлық қарсыласына есе жіберіп, жүлдеден тыс қалды.

Осылайша, турнирдің алғашқы күнінде татамиге шыққан қазақстандық төрт спортшының ешқайсысы жүлдегерлер қатарына ене алмады.