Азия чемпионатының екінші күні Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасында бірнеше салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақта Есет Қуанов алғашқы белдесуін Қытай спортшысына қарсы өткізеді. Сонымен қатар Абылайхан Жұбаназар мен Алмат Әділет жарысты екінші айналымнан бастайды.

Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта Дана Әбдірова мен Бақыт Құсақбаева татамиге шығады.

63 келіге дейінгі салмақта Самалай Ерғалиева бірінші айналымнан,ал Куюлова Есмигүл жарысты ширек финалдан бастайды.

Сондай-ақ 70 келіге дейінгі салмақта Асхат Ажар алғашқы белдесуін Моңғолия спортшысына қарсы өткізеді.