Оның айтуынша, команда тарапынан белгілі бір реакция болғанымен, ол қарсыласы Мореноны «бір қолмен жеңе салатын» спортшы емес екендігін жеткізген.

«Кішкене реакция болды олардан. Бірақ мен оларға Морено бір қолмен жеңіп алатын бала емес деп айттым. Карьерамда ешқашан біреуден қорқып, қарсылас ұсынылғанда бір сағаттан артық ойланған емеспін. Кез келгеніне шығып беріп отырдым», - деді Алмабаев.

Сондай-ақ ол бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұрағанын айтты.

«Осы жолы осылай болып қалды, маған да түсіністікпен қараңыздар дедім. Олар алдағы еңбегімді бағалап, ренжіген жоқ», -деді спортшы.

Алайда менеджерлері жекпе-жекті ұйымдастыру үшін ұзақ келіссөздер жүргізілгенін еске салған.

«Менеджерлерім: осы жекпе-жекті саған шығарып беру үшін ұзақ келіссөздер жүргіздік, соны ұмытпа деді», - деп қорытындылады Алмабаев.