Топурия ММА әлемінде өзінің соққы жасау техникасымен және «боксшылық» мәнерімен әрқашан дараланатын. Жақында берген сұхбатында ол классикалық боксқа деген махаббатының төркіні қайда жатқанын түсіндірді.
«Мен әрдайым үздіктерден үлгі алуға тырысамын. Василий Ломаченко мен Канело Альварес — мені бокспен шын мәнінде айналысуға итермелеген тұлғалар», — деді чемпион. — «Олардың темірдей тәртібі мен өз салмақ дәрежелерінде ақыл мен техниканың арқасында үстемдік құруы мені тәнті етеді».
Илияның айтуынша, оның мақсаты — жай ғана жұдырықтасу емес, екі түрлі спорт саласында шыңдарды бағындыру.
«Көптеген адамдар бұл екі саланы қатар алып жүру мүмкін емес деп ойлайды. Бірақ Ломаченконың аяқпен жұмыс істеу шеберлігін немесе Канелоның қашықтықты қалай шебер бақылайтынын көргенде, мұның нағыз өнер екенін ұғасың. Мен осы өнерді ММА-ға әкеліп, болашақта бокс рингінде де көрсеткім келеді».
Қазіргі таңда Топурия UFC-дегі титулын қорғауға барын салғанымен, оның боксқа ауысуы туралы толастамай тұр. Осындай үлкен мақсаттары бар «Матадор» жекпе-жек әлемінің жаңа феноменіне айналуы әбден мүмкін.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!