Жарыстың екінші күнінде Қазақстан сапынан сынға түскен Алмат Әділет (-81 кг) финалға жолдама алды. Финалда ол тәжікстандық Сомон Махмадбековпен кездеседі. Сондай-ақ, Эсмигүл Куюлова (-63 кг) және Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) жарыстың қола жүлдесі үшін белдеседі.