63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Эсмигүл Куюлова қола жүлдегер атанды. Ол қола медаль үшін белдесуде Тайпей спортшысы Пей Чун Юаньмен кездесіп жеңіске жетті. Айта кетерлік жайт,Куюлова үшін бұл Азия чемпионатының екінші қола медалі. Қазақстандық дзюдошы 2024 жылы дәл осындай нәтижеге қол жеткізген болатын.