Дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Жұбаназар бірінші айналымда қытайлық спортшыныдан басым түсті. Алайда ширек финалда отандасымыз Алмат Әділетке жол берді. Кейін жұбаныш белдесуінде ол Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Нугзари Таталашвилиді жеңді.
Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық дзюдошы тағы бір БАӘ спортшысы - Гаджимурад Омаровтан басым түсті.
Осылайша, Абылайхан Жұманазар Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Айта кетейік, бұған дейін ол 2023 жылғы Азия ойындарында да қола медаль жеңіп алған болатын.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!