Қазақстандық дзюдошы Алмат Әділет 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды.

Ол жарысты Қырғызстан спортшысы Шыңғысхан Сағыналиевті ұтып жарысты бастаса. Ширек финалда отандасымыз Абылайхан Жұбаназардан басым түсті. Жартылай финалда тәжікстандық Бехруз Ходжазоданы жеңді.

Финалда Алмат Әділет Олимпиада жүлдегері, Тәжікстан өкілі Сомон Махмадбековпен кездесіп, жеңіске жетті.

Осылайша, Алмат Әділет Азия чемпионы атанып, мансабындағы ең ірі жетістікке қол жеткізді. Айта кетейік, биыл ол Аустрияда өткен Гран-При турнирінде де топ жарған болатын.

Бұл - 2022 жылдан бері Қазақстан ерлер құрамасының Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медалі. 2022 жыды Астанада өткен Азия чемпионатында Данияр Шамшаев топ жарған еді.