Жапонияда өтетін алдағы Азия ойындарының бокс бағдарламасында өзгеріс енгізілді - 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесі алынып тасталды.

Енді жарыстар алты салмақта өтеді: 55, 60, 70, 80, 90 келі және аса ауыр салмақ.

Айта кетейік, 65 келіге дейінгі салмақта қазіргі таңда Қазақстан құрамасының бірінші нөмірі - Ертуған Зейннуллинов. Бұл салмақтың қысқартылуы құраманың жасақталуына және спортшының турнирдегі мүмкіндіктеріне әсер етуі ықтимал.

Осы орайда 65 келі салмақ дәрежесінің ең үздік боксшыларының бірі өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевтың тағдыры қызық. 71 келіде Париж олимпиадасында топ жарған боксшы 70 келіге ауысып жатса,қазақстандық боксшы Сабырхан Төреханға қарсы жекпе жегі үлкен қызығушылық тудырмақ.