Naiza лигасындағы Болат Заманбеков пен Еламан Саясатов арасындағы чемпиондық айқас жанкүйерлер күткендей тартысты өтті. Алайда кездесу даулы жағдаймен аяқталды.
Бірінші раундта Болат Заманбеков өзінің күрес шеберлігін көрсетіп, қарсыласын қыспаққа алған болатын. Чемпион партерде басымдық танытып, жекпе-жек тізгінін өз қолында ұстады.
Екінші раундта Еламан Саясатов тактикасын өзгертіп, Болаттың әрбір күреске кіру әрекетін оқып отырды. Осы сәттен бастап жекпе-жек қарқыны өзгеріп, Саясатов соққы алмасуда басымдыққа ие болды. Раунд бойы ол чемпионды ауыр соққылармен қысымда ұстап тұрды.
Алайда шешуші сәтте Еламан ережеге сай емес соққы жасап, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Соққыдан кейін Болат Заманбеков айқасты жалғастыра алмады.
Осылайша Naiza лигасындағы чемпиондық кездесу мерзімінен бұрын аяқталып, Болат Заманбеков чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!