8 шілде күні U23 жас санатында ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының төрт өкілі жеңіске жетіп, құрлықтық додада жартылай финалға жолдама алды.

Енді Азия чемпионатының финалына шығу үшін Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Анита Адишева (51 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) және Аяжан Ермек (60 келіге дейін) бақ сынайды.

Ал Сымбат Алиасқар (54 келіге дейін) мен Аружан Жаңабаева (65 келіге дейін) жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады.

U23 жас санатындағы жартылай финалдық кездесулер 12 шілде күні өтеді.