11 шілде күні U19 жас санатында ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының сегіз өкілі құрлықтық біріншіліктің жартылай финалына жолдама алды.

Жеңіске жетіп, жартылай финалға шыққан боксшылар:

— Әділ Асканбай (50 келіге дейін);
— Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін);
— Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін);
— Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін);
— Тимур Тайбеков (80 келіге дейін);
— Руслан Ахметов (85 келіге дейін);
— Жалғас Өтебеков (90 келіге дейін);
— Владислав Саможонов (90 келіден жоғары).

Ал Досжан Жұмақан (60 келіге дейін) және Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін) ширек финал кезеңінде қарсыластарына есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Бокстан U19 және U23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.