8 тамыз күні Бейжіңде өтетін NAIZA DIAMOND FIGHT NIGHT турнирі қазақстандық лига тарихындағы ең маңызды халықаралық тарихи оқиғалардың біріне айналмақ. Алғаш рет NAIZA турнирі Қытай астанасында ұйымдастырылып, Азиядағы ең ірі спорт нарықтарының біріне қадам басады. Кеш аясында Қазақстан мен Қытай файтерлері арасындағы бірнеше халықаралық жекпе-жек өтеді. Бұл турнир екі ел арасындағы аралас жекпе-жек саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін білдіріп, NAIZA-ның халықаралық деңгейдегі амбициясын көрсетеді.
Турнирдің басты оқиғаларының бірі – қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Фаниль Рафиковтың UFC-дің тәжірибелі ардагері Глейсон Тибаумен кездесуі. Бұл жекпе-жек Рафиков үшін жаңа салмақ дәрежесіндегі дебют болмақ. Ал қарсыласы Тибау UFC-де 29 жекпе-жек өткізіп, Хабиб Нурмагомедов, Тони Фергюсон, Ислам Махачев, Рафаэль дос Аньос сынды әлемдік жұлдыздармен октагонға шыққан.
NAIZA DIAMOND FIGHT NIGHT турнирінде көрермендерді бірден үш чемпиондық жекпе-жек күтеді:
Аса жеңіл салмақтың чемпионы Валерий Гусаров жартылай жеңіл салмаққа көтеріліп, екінші чемпиондық белбеу үшін Балғын Жеңісұлымен кездеседі.
Орта салмақтағы чемпион Али Бадрудинов алғашқы титулдық қорғанысын Муслим Абдулхалимовқа қарсы өткізеді.
Жартылай орта салмақта вакантты чемпиондық белбеу үшін Тамирлан Саралапов пен Дулат Кенесбеков күш сынасады.
Сонымен қатар кардта келесі халықаралық кездесулер өтеді:
Мұхаммад Амантаев (Қазақстан) – Чжао Чжан (Қытай)
Чуаньюй Чжоу (Қытай) – Елдар Отаралы (Қазақстан)
Сяофэй Цю (Қытай) – Алтынбек Мағаз (Қазақстан)
Оразбек Жақып (Қытай) – Ахмед Муджтаба (Пәкістан)
Вэньюнь Чжоу (Қытай) – Абдулбосид Сиддиков (Өзбекстан)
Сымбат Мұхитқызы (Қытай) – Адель Нибель (Германия)
Айтқазы Боланбай (Қытай) – Али Акбар Талеши (Иран)
NAIZA DIAMOND FIGHT NIGHT тек кезекті турнир ғана емес, қазақстандық лиганың халықаралық аренадағы жаңа кезеңінің бастамасы болмақ. Бейжіңдегі тарихи кештің нәтижесі ұйымның Азиядағы болашақ дамуына үлкен әсер етуі мүмкін.
NAIZA Қытайға жол тартты: Бейжіңде тарихи турнир өтеді
8 тамыз күні Қытай астанасы Бейжіңде тарихи NAIZA DIAMOND FIGHT NIGHT турнирі өтеді. Бұл – қазақстандық лига тарихында алғаш рет Қытайда ұйымдастырылатын турнир. Кештің басты үш айқасы чемпиондық жекпе-жек болмақ және де Қазақстан мен Қытай спортшылары арасындағы халықаралық жекпе-жек, одан қалды Фаниль Рафиковтың UFC ардагері Глейсон Тибауға қарсы кездесуі болады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!