«Қазақстан әйелдер бокс құрамасының бірнеше спортшысымен жұмыс істеу мен үшін үлкен қуаныш болды. Бұлар – ең жоғары, элиталық деңгейдегі боксшылар. Мен енді сіздердің жаңа жанкүйерлеріңіздің бірімін! Барлығыңыздың алдағы әлем чемпионаты мен 2028 жылғы Олимпиада ойындарындағы өнерлеріңізді асыға күтемін», – деп жазды Роуч өзінің Instagram парақшасында.

Еске салсақ, 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді. Қола медальді Назым Қызайбай иеленген болатын.

Ал келесі жазғы Олимпиада ойындары 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтеді.