IBA басшысы бұл шешімді жоғары бағалап, оны ең дұрыс қадам деп атады.

«World Boxing ұйымына рақмет. Бұл – ең дұрыс шешім. Жүлде тұғырына саясатты емес, спортшыны шығарып отырғандарына қуаныштымын. Бұл бокстың ең алдымен спортшылардың мүддесін қорғайтынын тағы бір мәрте дәлелдейді. Ту мен әнұран – әрбір спортшының жүрегі мен жаны», – деді Кремлев.

Оның айтуынша, ресейлік боксшылардың Олимпиадалық бокс жүйесіне қайта оралуы әлемдік бокс үшін маңызды оқиға болмақ.

«Біздің боксшылар Олимпиадалық боксқа қайта оралады. Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарында олар өздерінің туы мен әнұраны астында нағыз әдемі әрі қуатты бокстың қандай болатынын бүкіл әлемге көрсетеді. World Boxing ұйымына алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін», – деді IBA президенті.

Еске салайық, бұған дейін World Boxing ұйымы Ресей боксшылары барлық жас санаттарындағы халықаралық жарыстарға мемлекеттік туы мен әнұраны астында қатыса алатынын жариялаған болатын.