Орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен өз еркімен бас тартып, жаңа салмақ дәрежесіне ауысқан қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) рейтингте бірден екінші орынға жайғасты.
Рейтингтің көш басында мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварес тұр. Ал WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы – Ұлыбритания өкілі Хамза Шираз.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың 21 шілдесінде Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO чемпиондық титулынан өз еркімен бас тартатынын және екінші орта салмақ дәрежесіне ауысатынын ресми түрде мәлімдеген болатын. Енді қазақстандық боксшы жаңа дивизионда әлем чемпионы атағы үшін бақ сынамақ.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!