Құрама сапына:
- Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін);
- Назым Қызайбай (54 келіге дейін);
- Виктория Графеева (60 келіге дейін);
- Аида Әбікеева (65 келіге дейін);
- Наталья Богданова (75 келіге дейін) енді.
Бас бапкердің айтуынша, құрамды жасақтау кезінде өткен жылғы әлем чемпионаты мен биылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңдерінің нәтижелері ескерілген.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы АҚШ-та оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Команда 4 тамызда елге оралып, кейін жеке жоспар бойынша дайындық жүргізеді. 16 тамызда Ресей және АҚШ құрамаларының қатысуымен кезекті оқу-жаттығу жиыны басталады. Ал 9 қыркүйекте қазақстандық боксшылар Жапонияға аттанып, Азия ойындары алдындағы соңғы дайындық кезеңінен өтеді.
Елдос Сайдалиннің сөзінше, бүгінде барлық спортшының жағдайы жақсы, жарақат алғандар жоқ. Команда Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындар үшін күресуді мақсат етіп отыр.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!