Ресейлік файтердің айтуынша, оған жаңа Zuffa Boxing промоушені аясында кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түскен. Бұл жөнінде ол әлемдік кәсіпқой бокстағы ең ықпалды тұлғалардың бірі саналатын Турки Әл аш-Шейхпен сөйлескенін айтты.

«Турки Әл аш-Шейхпен Zuffa Boxing ұйымында жекпе-жек өткізу туралы жақсы әңгімелестік. Бұл құпия ақпарат па, білмеймін, бірақ ол маған бокстағы дебютке дайын болған кезде хабарласуымды сұрады. Қызықты қарсылас тауып беруге уәде етті. Егер қарсыласым ММА спортшыларының бірі болса, неге болмасқа? Турки мұны бірнеше рет қайталады, ал мен оған бұл мәселені Дэйна Уайтпен де талқылауды айттым», – деді Махачев.

Осылайша, UFC чемпионы алдағы уақытта кәсіпқой бокста күш сынап көру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Алайда мұндай жекпе-жектің өтуі үшін UFC басшылығының келісімі қажет.