19 қыркүйекте АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында орналасқан Pechanga Arena кешенінде Нұрсұлтанов америкалық Хесус Рамоспен (24-1, 19 КО) қолғап түйістіреді. Қазақстан уақыты бойынша кездесу 20 қыркүйек күні таңертең өтеді. Кештің тікелей көрсетілімін DAZN платформасы ұсынады.
Нұрсұлтанов пен Рамос арасындағы кездесу бокс кешінің қосалқы басты жекпе-жегі болады. Ал кештің басты айқасында бірінші жартылай орта салмақтағы WBC уақытша әлем чемпионы белбеуі үшін Айзек Крус (28-3-2, 18 КО) пен Нестор Браво (28-3-2, 18 КО) өзара күш сынасады.
Бұл турнирді ұйымдастыратын Premier Boxing Champions промоутерлік компаниясы жекпе-жектерді ресми түрде жариялады.
Мейірім Нұрсұлтанов соңғы рет шаршы алаңға 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) шығып, чилиялық Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын.
Ал Хесус Рамос соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өткізіп, жерлесі Шейн Мозли кішіні (23-5, 13 КО) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!