Бұған дейін Әлімханұлының дисквалификациясы 2026 жылдың желтоқсанына дейін жалғасуы тиіс болған. Алайда WBO арнайы комитеті боксшының жазаны қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырды.

Осылайша, 10 шілдеден бастап қазақстандық боксшы WBO аясында жекпе-жек өткізуге қатысты шектеулерден босатылды.

Сонымен қатар ұйым бұл шешімнің тәртіптік істің күшін жоймайтынын және Әлімханұлы тарапынан ешқандай ереже бұзушылық болмағанын білдірмейтінін атап өтті.

WBO мәлімдемесінде бұған дейін Әлімханұлына белгіленген тәртіп талаптары мен шарттардың орындалғаны айтылған. Осыған байланысты арнайы комитет боксшыны уақытша шеттетілген спортшы ретінде қарастыруға негіз жоқ деген шешімге келген.