Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында Түрки Әл аш-Шейхке тікелей үн қатып, Ширазбен ықтимал чемпиондық жекпе-жекті ұйымдастыруды ұсынды.
«Түрки бауырым, мен сені әрдайым бокс әлеміндегі үздіктердің бірі деп білемін. Хамзамен жекпе-жегімді ұйымдастыру туралы ойладың ба? Есіңде болса, кездескенімізде маған қатысты үлкен жоспарларың бар екенін айтқан едің. Меніңше, сол уақыт келген сияқты», — деп жазды Жәнібек.
Әңгіме WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жек туралы. Тамыз айында ұйым Әлімханұлын осы салмақтағы чемпион Хамза Шираздың міндетті қарсыласы ретінде бекіткен еді.
Алайда белгіленген мерзім ішінде қос боксшының командалары жекпе-жекті өткізу туралы келісімге келе алмады. Осыған байланысты WBO 2026 жылдың 16 қыркүйегіне промоутерлік сауда өткізуді белгіледі.
Енді Әлімханұлы ықтимал жекпе-жекті ұйымдастыру ісін Түрки Әл аш-Шейхке сеніп тапсыруға дайын екенін жария түрде білдірді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!