NAIZA Camp Reality жобасының жеңімпазы Еркебұлан Сейсенбаев кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жеңісті жолын жалғастырды.
27 жастағы қазақстандық файтер 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Қазіргі таңда оның кәсіби ММА-дағы рекорды — 4 жеңіс және 2 жеңіліс (4-2).
Бұған дейін Сейсенбаевтың Елжан Гасановпен жекпе-жегі талқыланған еді. Алдымен Гасанов Еркебұланды жекпе-жекке өзі шақырғанымен, кейін тараптар салмақ мәселесінде ортақ келісімге келе алмады. Нәтижесінде кездесу өтпей қалды.
Осыдан кейін Сейсенбаев октагонға қайта шығып, кезекті жеңісіне қол жеткізді. NAIZA Camp Reality арқылы танылған файтер енді 70 келі салмақтағы жорығын жалғастырады.
Алдағы уақытта Сейсенбаев пен Гасанов арасындағы жекпе-жекті көргілеріңіз келе ме?
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!