Жұман Жұмабеков пен Әнуарбек Мотиватор арасындағы жекпе-жек ресми түрде бекітілді. NAIZA лигасының мәліметінше, көпшілік күткен айқас қараша айында Қарағанды қаласында өтетін турнирде болады.

Жұман Жұмабеков бұл кездесудің алдында жақсы формада екенін көрсетті. Соңғы жекпе-жегінде ол қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Енді Жұмабековтің келесі қарсыласы — Әнуарбек Мотиватор. Екі файтер арасындағы кездесу қарашадағы Қарағанды турнирінің назар аударарлық жекпе-жектерінің бірі болмақ.

🥊 Жұман Жұмабеков vs Әнуарбек Мотиватор — қараша, Қарағанды.