Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында жапониялық Юна Нишинакамен кездесті.

Алғашқы раундта Алуа басымдық танытты. Жапониялық боксшы екінші кезеңде есепті теңестірді. Дегенмен жерлесіміз үшінші үшминуттықта 2:3 есебімен жеңісті суырып алды.  

Осылайша Алуа Балқыбекова кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.