Бұрымды боксшымыз 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Наталья 1/4 финалда өзбекстандық Азиза Зокировамен қолғап түйістірді. Кездесудің алғашқы минуттарында Өзбекстан өкілі басымдық танытты. Дегенмен отандасымыз үшінші раундта 4:1 есебімен жеңісті жұлып алды.

Осылайша ол кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жартылай финалға өткен еді.