75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда Үндістан өкілі Ловлина Боргохайнмен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер 3:2 есебімен үндістандық боксшының жеңісін тіркеді.

Бұған дейін Богданова ширек финалда өзбекстандық Азиза Зокированы 4:1 есебімен жеңіп, кемінде қола медальді қамтамасыз еткен болатын.

Айта кетейік, Наталья Богданова – 2025 жылғы World Boxing ұйымдастырған әлем чемпионатының жеңімпазы. Ол Ливерпульде өткен біріншілікте 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған еді.

Осылайша, қазақстандық боксшы Азия ойындарындағы өнерін үшінші орынмен аяқтады.