55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда Филиппин өкілі Карло Пааламмен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қарсыласына есе жіберген Сабырхан финалға шыға алмады.

Айта кетейік, Карло Паалам – Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері. Ал Махмұд Сабырхан – 2023 және 2025 жылдардағы әлем чемпионаттарының жеңімпазы.

Осылайша, қазақстандық боксшы Азия ойындарындағы өнерін үшінші орынмен аяқтап, ұлттық құраманың қоржынына қола медаль салды.