Бұл туралы Дания боксшының менеджері Спенсер Браун мәлімдеді. Ақпаратты The Ring басылымы таратты.
«Жәнібек Әлімханұлы мен Джейкоб Бэнк екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бос қалған титул үшін жұдырықтасуға келісті. Жекпе-жек желтоқсан айында Данияның Копенгаген қаласында өтеді», — деді Спенсер Браун.
Бұған дейін WBO ұйымының президенті Густаво Оливьери екі боксшының өкілдерінен жекпе-жекті өткізу туралы келісімге қол жеткізілгенін растайтын ресми жазбаша хабарламалар түскенін мәлімдеген болатын.
Әлем чемпионы атағы үшін айқас өткізуге мүмкіндік бұрынғы титул иесі, британиялық Хамза Шираз міндетті қорғау жекпе-жегінде Жәнібек Әлімханұлымен кездесуден бас тартып, чемпиондық белбеуін өз еркімен босатқаннан кейін пайда болды.
Енді қазақстандық боксшы жеңілмеген Даниялық қарсыласымен оның туған жерінде жұдырықтасады. Бұл кездесуде жеңіске жету Жәнібек Әлімханұлына тағы бір әлемдік титулды иеленіп, кәсіпқой бокстағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!