Құрама сапына 10 боксшы енді. Олардың қатарында жастар арасындағы Азия чемпиондары Бибарыс Әшірбай мен Владислав Саможонов та бар.
Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына қатысатын боксшылары:
50 келіге дейін: Әділ Асканбай
55 келіге дейін: Айдос Үсенов
60 келіге дейін: Данияр Ақбисенов
65 келіге дейін: Ақжүрек Қалабай
70 келіге дейін: Бибарыс Аширбай
75 келіге дейін: Әмір Рамазан
80 келіге дейін: Тимур Тайбеков
85 келіге дейін: Руслан Ахметов
90 келіге дейін: Еркетан Жаркынбек
90 келіден жоғары: Владислав Саможонов
World Boxing ұйымының аясында өтетін U-19 санатындағы әлем чемпионаты 16–27 қазан аралығында Черногорияның Будва қаласында ұйымдастырылады.
Жерорта теңізі спорт орталығында өтетін байрақты додаға 75-тен астам ұлттық федерацияның атынан 550-ден астам боксшы қатысады деп жоспарланған.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ұлдар мен қыздар 10 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Нәтижесінде 20 алтын, 20 күміс және 40 қола медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!