Даниялық Primetime Boxing промоутерлік компаниясының мәліметінше, кездесу 2027 жылдың 23 қаңтарында Данияның Хорсенс қаласында өтеді.

WBO тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы чемпиондық белбеу британдық Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлыға қарсы титулын қорғаудан бас тартып, титулды босатқан. Содан соң ұйым қазақстандық боксшы мен Якоб Банк арасындағы жекпе-жекті бекітті.

Боксшылардың командалары белгіленген мерзімде келісімге келгендіктен, жекпе-жекті ұйымдастыру құқығына қатысты промоутерлік сауда өткізудің қажеті болмады.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы тағы бір әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Ал жеңіліп көрмеген Якоб Банк өз мансабындағы ең маңызды жекпе-жектердің біріне қатысады.