90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалдық кездесуде Саможонов алғашқы екі раундта айқын басымдық танытты. Төрешілердің бағалауы бойынша, қазақстандық боксшы екі раундтан кейін 20:17 есебімен алда болды.
Үшінші раундта Саможонов қарсыласын нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, қазақстандық боксшының мерзімінен бұрын жеңісін тіркеді.
Енді Владислав Саможонов ширек финалда Германия өкілі Олуваёми Реммелемен кездеседі. Неміс боксшысы алдыңғы кезеңде Латвия спортшысы Никс Кепурсты төрешілердің бірауыздан шешімімен 30:27 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Қазақстанның U19 бокс құрамасын 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жаттықтырады. Ол 2026 жылдың басында ұлттық құрамадағы жұмысына кірісті. Бұған дейін маман Қазақстанның U22 құрамасын басқарған және 2025 жылы Шри-Ланкада өткен IBA Азия чемпионатында, сондай-ақ Таиландтағы World Boxing ұйымының Азия чемпионатында ұлттық командамен жұмыс істеген.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!