2026 жылғы бокстан әлем кубогының алғашқы кезеңіне Қазақстан құрамасынан 16 боксшы қатысады.
Жарыс 20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді. Бұл додаға 50-ден астам елден 400-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланған.
Еліміздің атынан бас бапкер Нұржан Насанов жетекшілік ететін ерлер құрамасынан 9 боксшы және Елдос Сайдалин жаттықтыратын әйелдер құрамасынан 7 боксшы сынға түседі.
Айта кетейік, Бразилия өз тарихында әлем кубогы кезеңін екінші рет қабылдайды. 2025 жылы қазақстандық боксшылар 3 алтын және 3 қола жүлде жеңіп алған болатын. Сол жарыста Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг), Дәулет Төлемісов (85 кг) және Жазира Орақбаева (51 кг) чемпион атанды.
Биылғы турнирде ел намысын қорғайтын боксшылар:
Ерлер:
- 50 кг: Даниял Сәбит (дебют)
- 55 кг: Бағлан Кенжебек (дебют)
- 60 кг: Жансері Көшербаев (дебют)
- 65 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (дебют)
- 70 кг: Фарух Тоқтасынов (дебют)
- 75 кг: Санжарәли Бегалиев
- 80 кг: Диас Молжігітов (әлем кубогының қола жүлдегері)
- 85 кг: Сұлтан Айбарұлы (әлем кубогының жеңімпазы)
- 90 кг: Дәулет Төлемісов (әлем кубогының жеңімпазы)
Әйелдер:
- 51 кг: Алуа Балқыбекова (күміс жүлдегері)
- 54 кг: Назым Қызайбай (жеңімпаз)
- 60 кг: Виктория Графеева (жеңімпаз)
- 65 кг: Аида Әбікеева (қола жүлдегері)
- 70 кг: Наталья Богданова (жеңімпаз)
- 80 кг: Жібек Жарасқызы (дебют)
- +80 кг: Валерия Аксенова (дебют)
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!