#Азия чемпионаты
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай чемпион атанды. Финалда ол Өзбекстан өкілі Жасурбек Юлдошевпен қолғап түйістірді.
Ұлан-Батырдағы бокстан Азия чемпионатында алғашқы сенсация тіркелді. 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан финалда иорданиялық Зияд Ешайшқа есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Бұл - оның ересектер деңгейіндегі алғашқы жеңілісі.
Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалында Оразбек Асылқұлов 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Алғашқы раундта жеңілгеніне қарамастан, ол кейінгі раундтарда басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Алда Қазақстан боксшылары қатысатын тағы төрт финал бар.
6 сәуір басталған күрес түрлерінен Азия чемпионатында әйелдер күресі өз мәресіне жетіп қалды. Бүгін - жарыстың соңғы күні, алайда Қазақстан құрамасы үшін бұл турнир сәтсіз аяқталды деп қазірдің өзінде айта беруге болады.