Басты бет Бокс Күрес MMA Шығыс жекпе-жектері
ТЕГ:

#ММА

31.07.2026, 07:14 • MMA
PFL ЖЕКЕ ПРОМОУШЕН РЕТІНДЕ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТАДЫ: ҰЙЫМ ДЖЕЙК ПОЛДЫҢ MVP КОМПАНИЯСЫМЕН БІРІГЕДІ

Professional Fighters League (PFL) ұйымы ауқымды өзгерістер туралы ресми түрде хабарлады. Промоушен жеке лига ретінде қызметін тоқтатып, америкалық боксшы әрі блогер Джейк Пол негізін қалаған Most Valuable Promotions (MVP) компаниясымен бірігеді.

31.07.2026, 07:08 • MMA
МАХАЧЕВТІҢ БАПКЕРІ ГЭРРИМЕН ЖЕКПЕ-ЖЕКТІ ХАБИБ ПЕН МАКГРЕГОР ҚАРСЫЛАСТЫҒЫМЕН САЛЫСТЫРУҒА ҚАРСЫ

UFC чемпионы Ислам Махачевтің бас бапкері Хавьер Мендес алдағы Йен Гэрриге қарсы жекпе-жекті Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор арасындағы әйгілі текетіреспен салыстыруға қатысты пікір білдірді.

29.07.2026, 08:04 • MMA
БЕКЗАТ АЛМАХАН UFC-ДЕГІ БОЛАШАҒЫ ЖАЙЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Қазақстандық аса жеңіл салмақтағы UFC жауынгері Бекзат Алмахан ұйымдағы болашағына қатысты пікір білдірді.

26.07.2026, 11:40 • MMA
Өзбекстан UFC турнирін өткізуге бір қадам жақындады

Белгілі журналист Игорь Лазориннің мәліметінше, Өзбекстан өкілдері UFC турнирін Ташкентте өткізу мәселесін жаңа деңгейге шығарды. Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт пен Өзбекстан ҰОК басшылығы арасында ресми кездесу өткен болатын.

26.07.2026, 07:10 • MMA
NAIZA Қытайға жол тартты: Бейжіңде тарихи турнир өтеді

8 тамыз күні Қытай астанасы Бейжіңде тарихи NAIZA DIAMOND FIGHT NIGHT турнирі өтеді. Бұл – қазақстандық лига тарихында алғаш рет Қытайда ұйымдастырылатын турнир. Кештің басты үш айқасы чемпиондық жекпе-жек болмақ және де Қазақстан мен Қытай спортшылары арасындағы халықаралық жекпе-жек, одан қалды Фаниль Рафиковтың UFC ардагері Глейсон Тибауға қарсы кездесуі болады.

25.07.2026, 21:05 • MMA
Турнир қорытындысы: Магомед Анкалаев Богдан Гуськовты техникалық нокаутпен жеңді

UFC Abu Dhabi турнирінің басты жекпе-жегінде Магомед Анкалаев бесінші раундта Богдан Гуськовты мерзімінен бұрын жеңіп, жеңісті жолына қайта оралды.

25.07.2026, 20:28 • MMA
Данияр Оңғар OCTAGON лигасының абсолютті чемпионы атанды

Қазақстандық файтер Данияр Оңғар OCTAGON 89 турнирінің басты жекпе-жегінде тәжікстандық Муибшо Гулобовты жеңіп, жартылай жеңіл салмақтағы абсолютті чемпион атағын иеленді.

25.07.2026, 19:19 • MMA
Қайсар Жауғашар OCTAGON-ның абсолютті чемпионы атанды

Қазақстандық файтер Қайсар Жауғашар OCTAGON 89 турнирінде әзербайжандық Роял Лейлизадені екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп, ең жеңіл салмақтағы екі чемпиондық белбеуді біріктірді.

25.07.2026, 18:30 • MMA
Рамазан Теміров жеңіске жетіп, UFC-дің ТОП-10 рейтингіне жақындай түсті

Өзбекстандық файтер Рамазан Теміров UFC Abu Dhabi турнирінде бұрынғы титул үміткері Стив Эрцегті бірінші раундта нокаутқа жіберіп, дивизион рейтингіндегі орнын нығайтты.

25.07.2026, 18:20 • MMA
Жанкүйерлер «Джон Поркқа» теңейтін Магомед Зайнуков UFC-дегі дебюттік айқасын жеңіспен бастады

Ресейлік файтер Магомед Зайнуков UFC Abu Dhabi турнирінде Дамиан Жепецкиді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, жеңіліссіз рекордын сақтап қалды.

« 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 »